Премьер-министр оқулары
Кәрім Мәсімов Алаш арыстарының бірінің кітабын отандық арналардың бірінде мәнерлеп оқып жатыр екен (қандай кітап екенін айтпай-ақ қоияын). Мақамына, нақышына келтіріп оқып жатқан Мәсімовтың сазды дауысы арнайы студияда жазылып жатыр дейді осы дерекпен бөліскендер. Білетіндердің өзі оның нендей мақсатта жаздырылып жатқанынан мақұрым болып шықты. Шенеуіктер мұрнын шүйіретін әлеуметтік желіден өзіне аккаунт ашқан Үкімет басшысының бұл жаңалығы жақын уақытта жария болар анық. Сонда Мәсімов аудио кітабы (ол біреудің кәтабын оқығанда қалай айтылар екен) кімге арналмақ? Болмаса көркем сөйлеу үшін тілін жаттықтырып, машықтанып жүр ме, ол жағы бізге беймәлім қалып отыр…
Мүмкін Тұркіменбашының «Рухнамасы» секілді мектептерде әдебиет сабақтарында көрнекілік құралы бола ма? Болмаса қазақ тілін білмейтіндерге арналар… Міне қызық…
Әрі қарай
Мүмкін Тұркіменбашының «Рухнамасы» секілді мектептерде әдебиет сабақтарында көрнекілік құралы бола ма? Болмаса қазақ тілін білмейтіндерге арналар… Міне қызық…